maple bear

БІЗДІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАМЫЗ

Әрбір бала өмірдегі ең жақсы бастамаға және олардың жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолдауға лайық. Балалар ерте жаста тез дамиды және де баланың туу мен бес жас аралығындағы тәжірибесі оның болашақ мүмкіндіктеріне үлкен әсер етеді. Maple Bear балалардың бастауыш мектепке арналған дайындығын қамтамасыз ету үшін жоғары стандарттарды белгілейді және балаларға білім мен дағдылардың кең ауқымын береді. Бұл мектептегі және өмірдегі жақсы жетістіктердің қалыптастыруының негізі.

Қарым-қатынас дағдылары

Қарым-қатынас дағдылары

Сениор(аға балабақша) балабақшасының соңында балалар тыңдау және сөйлеу арқылы тиімді қарым-қатынас жасайды. Олар ағылшын тіліндегі негізгі мәтінді оқи алады және жаңа сөздерді жаттау үшін дыбыстық стратегияларды қолдана алады. Олар сондай-ақ жаңадан бастап жатқан оқушыларға сәйкес келетін жазу стратегияларын қолдануын біле тұра, бұқаралық ақпарат құралдарын(средства массовой информации) пайдалана және жауап бере алады.

Ғылым мен технология

Ғылым мен технология

Балалар табиғат әлеміне деген қызығушылықтарын көрсетеді, жалпы материалдың сипаттамасы туралы білімдерін нығайтады, бақылау әдістерін қолдана отырып, табиғаттағы циклді анықтайды және оқудың барлық аспектілерінде компьютерді пайдалана отырып, басқалармен жұмыс істейді.

Шығармашылық белсенділік

Шығармашылық белсенділік

Балалар түстерді, пішінді және идеяларды жеткізу үшін ақпарат құралдарын пайдалануын түсініп меңгереді. Олар музыкаға, өнерге, драмаға және биге қалыптасқан әсерін сипаттай алады.

Физикалық дағдылар және әл-ауқат

Физикалық дағдылар және әл-ауқат

Балалар физикалық дағдыларды (тепе-теңдік пен икемділік сияқты), денсаулық пен қауіпсіздік ережелерін білуді, бөлісу, кезектесу, ынтымақтастық және қоғамға қолайлы мінез-құлық туралы түсінікті дамытады.

Математика

Математика

Балалар проблеманың шешу жолын білетін болады. Олар қоршаған ортадағы заңдылықтар, сандар туралы түсініктер, салыстырулар, жиындар, негізгі формальды операциялар (мысалы, қосу және азайту), 2-D және 3-D нысандары, қарапайым графика, негізгі өлшемдер, бағалау туралы біледі.

Тіл дамытуды меңгеру

Тіл дамытуды меңгеру

Зерттеулер көрсеткендей, екі тілді ерте жастан үйрену лингвистикалық және когнитивтік бағыттағы артықшылықтарды береді. Maple Bear оқушысы ағылшын тілінде тыңдауды, сөйлеуді, оқуды және жазуды үйренеді. Туылғаннан бастап отбасы мен қауымдастық арасында алғашқы тілін үйренуде, балалар болжамды ретпен бірнеше кезеңнен өтеді: тыңдау, түсінуді дамыту, сөйлеу, оқу және жазу. Maple Bear студенттері ағылшын тілін үйренген кезде, ана тілін меңгергендей кезеңдерден өтеді.

Қазір қоңырау шалыңыз